Құрметті пациенттер!

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында құжаттарды қағазсыз жүргізуге көшу негізінде Сіздер жұмыс орнында немесе үйден шықпай-ақ Egov.kz порталы арқылы немесе mGov.kz мобильды қосымшасы арқылы дәрігердің қабылдауына жазылу, дәрігерді үйге шақыру, медициналық ұйымға тіркелу қызметтерін пайдалана аласыздар. Бұл жүйе өз кезегінде дәрігерлер мен пациенттердің уақыт үнемдеуіне, дәрігер алдындағы кезекті төмендетуге септігін тигізеді.

egov.kz порталы арқылы «Дәрігердің қабылдауына жазылу» қызметінің нұсқамасы

Дәрігердің қабылдауына электрондық үкімет порталы арқылы жазылу үшін мыналар қажет:

       1.  egov.kz сайтына кіру

  1. «Денсаулық сақтау» қосымша бетін таңдап, «Денсаулық сақтау» бетіне көшу жасалынады;
  2. «Денсаулық сақтау» бетінде «Дәрігердің қабылдауына жазылу» тармағын таңдаңыз;
  3. «Онлайн қызметіне тапсырыс беру» түймешігін басыңыз;
  4. Сізде Халыққа қызмет көрсету орталығынан алған ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба) болса, сол цифрлық қолтаңбаны таңдап, жасырын сөзді теріп, жүйеге кіресіз;
  5. Егер Сізде ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба) болмаса, онда сіз Бір жолғы жасырын сөз арқылы жүйеге кіре аласыз;

Ол үшін:

ü  ЖСН және телефон нөміріңізді енгізесіз, сол кезде сіздің телефоныңызға 1414 байланыс орталығынан 5 сандық код келеді, сол кодты теріп, жүйеге өтесіз.

  1. Кімге: өзіңізге ме, балаңызға ма қызмет көрсету керек екенін таңдаңыз;
  2. Кейін қабылдау күнін, қызмет пен дәрігерді, содан соң қабылдау уақытын таңдап, тапсырысты жіберіңіз.

https://egov.kz/cms/kk/services/health_care/495pass_mz

Егер денсаулық жағдайына байланысты емханаға бара алмасаңыз, eGov.kz порталының «Дәрігерді үйге шақыру» тегін қызметін пайдаланып, үйіңізде тексеріле аласыз.

egov.kz. порталы арқылы «Дәрігерді үйге шақыру» қызметінің нұсқамасы

Дәрігерді электрондық үкімет порталы арқылы шақыру үшін мыналар қажет:

       1. egov.kz сайтына кіру

       2. «Денсаулық сақтау» қосымша бетін таңдап, «Денсаулық сақтау» бетіне көшу жасалынады;

       3. «Денсаулық сақтау» бетінде «Дәрігерді үйге шақыру» тармағын таңдаңыз;

       4. « Онлайн қызметіне тапсырыс беру» түймешігін басыңыз;

       5. Сізде Халыққа қызмет көрсету орталығынан алған ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба) болса, сол цифрлық қолтаңбаны таңдап, жасырын сөзді теріп, жүйеге кіресіз;

       6. Егер Сізде ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба) болмаса, онда сіз Бір жолғы жасырын сөз арқылы жүйеге кіре аласыз;

         Ол үшін:

ü  ЖСН және телефон нөміріңізді енгізесіз, сол кезде сіздің телефоныңызға 1414 байланыс орталығынан 5 сандық код келеді, сол кодты теріп, жүйеге өтесіз.

  1. Кімге: өзіңізге ме, балаңызға ма қызмет көрсету керек екенін таңдаңыз;
  2. Кейін шақырту себебін жазып, қосымша ақпараттарды енгізіп, сұранымды жіберіңіз.

       http://egov.kz/cms/ru/online-services/for_citizen/496pass_mz
 

egov.kz. порталы арқылы «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина ұйымдарына тіркелу»қызметінің нұсқамасы

«Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина ұйымдарына тіркелу» үшін мыналар қажет:

       1. egov.kz сайтына кіру

       2. «Денсаулық сақтау» қосымша бетін таңдап, «Денсаулық сақтау» бетіне көшу жасалынады;

       3. «Денсаулық сақтау» бетінде «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина ұйымдарына тіркелу» тармағын таңдаңыз;

       4. « Онлайн қызметіне тапсырыс беру» түймешігін басыңыз;

       5. Сізде Халыққа қызмет көрсету орталығынан алған ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба) болса, сол цифрлық қолтаңбаны таңдап, жасырын сөзді теріп, жүйеге кіресіз;

       6. Егер Сізде ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба) болмаса, онда сіз Бір жолғы жасырын сөз арқылы жүйеге кіре аласыз;

         Ол үшін:

ü  ЖСН және телефон нөміріңізді енгізесіз, сол кезде сіздің телефоныңызға 1414 байланыс орталығынан 5 сандық код келеді, сол кодты теріп, жүйеге өтесіз.

  1. Кімге: өзіңізге ме, балаңызға ма қызмет көрсету керек екенін таңдаңыз;
  2. Кейін       тіркелетін аймақты, медициналық ұйымды, тіркелу себебін, аймақтық дәрігеріңізді таңдап, сұранымды жіберіңіз.

https://egov.kz/cms/kk/services/health_care/494pass_mz


 

 

 

Азаматтарды медициналық-санитариялық

алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау

субъектілеріне бекіту науқаны

жүргізудің басталатындығы туралы

хабарлама

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығымен бекітілген Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау субъектілерінен ТМККК және МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес 2019 жылғы 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін азаматтарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК ұйымы) көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне Бекіту науқаны басталатындығы туралы хабарлайды.

Бекіту науқаны тек ТМККК шегінде және МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер Денсаулық сақтау субъектілерінің деректер қорында тіркелген денсаулық сақтау ұйымдары арасында ғана өткізіледі.

Денсаулық сақтау субъектілерінің деректер қоры әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының https://fms.kz/ru/select-medical-inst интернет-ресурсында орналастырылған.

Азаматтарды МСАК ұйымдарына бекіту олардың өтініші бойынша «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүргізіледі.