1940 жылы ауданда 23 төсек санымен аурухана жұмыс істеді. Ұлы Отан соғысы жылдары майдандағы жаралы жауынгерлерге медициналық көмек көрсету мақсатында орта буынды жас мамандар соғысқа аттанып жатты. Солардың қатарында Жаңақорған ауданынан 19 жастағы фельдшер Рәзия Ысқақова да болды. Ол 1941 жылы өз еркімен майданға сұранып, Сталинград, Харьков, Киев, Варшава, Прага, Берлин майдандарына қатысып, оқ пен оттың ортасында жүріп жаралы жауынгерлерге жедел медициналық көмек көрсетті. Осы еңбектері үшін жерлесіміз Рәзия Ысқақова Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің «Флоренс Найтингейл» медалімен наградталды.

1947 жылы 1 аудандық аурухана, 2 амбулатория, 7 медициналық пункт халыққа қызмет көрсеттi.

1949-1955 жж. ауданның денсаулық сақтау саласын фельдшер Ж.Елекенов басқарды.

1955-1956 жж. төсек саны 35-ке жетіп, аурухана бас дәрігері жоғары білімді дәрігер В.Х.Ким болды.

1958 жылы аудандық санэпидемстанция ашылды.

1956-1960 жж. аудандық аурухана бас дәрігері терапевт М.Бақбаев болды.

1960 жылы 15 төсектік хирургия бөлімі ашылып, Қазақ ССР-не еңбегі сіңген дәрігер, Денсаулық сақтау ісінің үздігі, білікті дәрігер-уролог Ш.Әлназаров арнайы жолдамамен елге келіп, хирург, хирургия бөлімінің меңгерушісі қызметтерінде іскерлігімен танылып, 1960-1963 жылдары Жаңақорған аудандық ауруханасының бас дәрігері қызметін абыроймен атқарды. 1963-1965 жж. бөлімшеде хирург Есіркепов меңгеруші болса, 1965-1968 жж. Төлен Аймұратов хирургия бөліміне жетекшілік етті. 1968 жылы хирургия бөлімі 25 төсекке кеңейтілді. 1968-1970 жж. бөлім меңгерушісі Н.Оспанов, 1971-1976 жж. хирургия бөлімінің меңгерушісі 1 санаттағы хирург Б.Нысанбаев болды. 1976 жылдан бастап хирургия бөлімін жоғары санаттағы хирург С.Әлходжаев басқарды. Осы жылдары хирургия бөлімі 50 төсекке дейін кеңейтілді. Хирургия бөлімінде 1 санаттағы травматолог З.Ысқақов, 1 санаттағы уролог З.Оразбековтер еңбек етті. 1994 жылдан бастап бөлімшеде жоғары санатағы балалар хирургі Н.Талипов, 1 санаттағы балалар хирургі С.Ысқақов, 1 санатты дәрігер Ғ.Есетов, хирург Ә.Әбдіханов, С.Үсейіновтер жұмыс жасады.

1963 жылы ауруханада 15 төсектік терапия бөлімі ашылып, меңгерушісі З.Қожахметова болды, 1964 жылдан 1985 жылғы дейін терапия бөлімінің меңгерушісі қызметін Әлжан Шалабаев атқарды. 1985 жылдан 1990 жылға дейін бөлім меңгерушісі медицина ғылымдарының кандидаты А.С.Іскендиров болды. 1990 жылдан бастап жоғары дәрежелі терапевт-кардиолог Г.Ысқақова бөлім меңгерушісі қызметін атқарды.

1972 жылы перзентхана бөлімі 25 төсекке дейін өсті. 1968-1993 жж. аралығында перзентхана бөлімін 1 санатты акушер-гинеколог М.Жұмағалиева басқарды. 2001 жылдан бастап жүкітілік патологиясы бөлімінің меңгерушісі Б.Жүсіпов болды. 1994 жылдан бастап Д.Медетова бөлім меңгерушісі және ауданның бас маманы болып 2000 жылға дейін қызмет атқарды. 

1963 жылы 55 төсектік аудандық туберкулезге қарсы күрес ауруханасы ашылып, 1963-1965 жж. осы аурухананың бас дәрігері С.Әлходжаев, 1965-1972 жж. «Құрмет белгісі» орденінің иегері, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі, дәрігер-рентгенолог Е.Әмитов, 1972-1979 жж. дәрігер Қ.Әшірбеков, 1979-1985 жж. дәрігер Ж.Қалкөзов, 1985-2002 жж. КСРО медицина ісінің үздігі Қ.Басқожаев, 2002-2010 жж. ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі, жоғары санатты дәрігер-фтизиатр Е.Ильясов, 2010-2011 жж. І санатты дәрігер-ұйымдастырушы Т.Шегенбаев, 2011 жылдан бастап І санатты дәрігер ұйымдастырушы С.Үсейінов басқарып келеді.

1963-1968 жылдары 50 төсектiк аймақтық аурухананы бас дәрігер Х.Спатаев басқарды.

1968-1972 жж. аралығында О.Сақбаев бас дәрігер қызметін атқарып, төсек саны 75-ке жетіп, күніне 100 адам қабылдауға арналған емхана ашылды.

Ауруханада терапия, хирургия, перзентхана бөлімдері ашылып, меңгерушілер дәрігер-терапевт А.Шалабаев, хирург Н.Оспанов, акушер гинеколог М.Жұмағалиевалар еңбек етті. Ауруларды диспансерлік есепке алып, жоспарлы емдеуде дәрігер-терапевт Г.Ысқақова елдің алғысына бөленіп, ауданда алғаш рет кардиология кабинетін ашты. 1971 жылдан бастап аурухана жанынан жедел жәрдем бекеті жұмыс жасап, алғашқы фельдшерлер А.Тағаева, А.Шепилова, П.С.Попов, Т.Бахрамовтар ерекше еңбек етті. 1993 жылы жедел жәрдем бөлімі құрылып, бөлім меңгерушісі М.Жармұхамедов болды. 2000 жылдан бастап жедел жәрдем бөлімінің меңгерушісі қызметін Ғ.Үйсінбаев атқарды.

1972-1985 жж. денсаулық саласын «Құрмет белгісі» орденінің иегері, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі, дәрігер-рентгенолог, Е.Амитов басқарып, төсек саны 130-ға жетті. Сол жылдары дәрігерлер саны 30-ға көбейіп, мамандандырылған медициналық көмектің сапасы арта түсті.

1963-1972 жылдары орталық ауруханада АРД-10 рентген аппараты, 1978 жылы РУМ-10 рентген аппаратымен дәрігер-рентгенолог Е.Әмитов, 1976-1982 жылдары дәрігер-рентгенолог И.Зекенов, 1983-1997 жж. Ж.Махашов жұмыс атқарды. 1998 жылдан бастап ауданның бас рентгенологы болып М.Әуезбеков жұмыс жасады.

1985-1990 жж. аурухананы дәрігер стоматолог Ж.Қалкөзов басқарып, балалар бөлімі, физиотерапия, лаборатория бөлімдері ашылып, төсек саны 175-ке жетті.

1985 жылы 8 аурухана, 41 ФАП халыққа қызмет көрсетті.

1990-1994 жж. денсаулық сақтау саласын «Құрмет» орденінің иегері, жоғары дәрежелі дәрігер-реаниматолог А.Тоғызбаев басқарып, төсек саны 201-ға жетті. Осы жылдары ауруханада реанимация, жедел жәрдем бөлімдері ашылды. 

1991 жылы аудандық тері-жіңішке аурулар диспансері ашылып, 1991-2000-2006 жж. бас дәрігер Ө.Бердиев, 2006-2009 жж. бас дәрігер І санатты дәрігер ұйымдастырушы С.Үсейінов болды.

1994-2011 жж. аудандық орталықтандырылған аурухананы ҚР Еңбегі сіңген дәрігер, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі, жоғары дәрежелі хирург Н.Талипов басқарды. 1995 жылдан бастап терапия бөлімі-50 орынға,  хирургия бөлімі – 50 орынға, әйелдер босанатын бөлім – 55 орынға ұлғайтылып, білікті маман, 1 дәрежелі дәрігер-травматолог З.Ысқақовтың меңгерушілігімен жаңадан 35 төсектік жарақаттар бөлімі ашылды. Жыл соңында төсек саны 315-ке жетті.

1996 жылдан бастап 22 ФАП халыққа қызмет етті. Бас дәрігердің орынбасарлары мен бөлім меңгерушілері, білікті дәрігерлер С.Ысқақов, Ғ.Үйсінбаев, Г.Қамырбаева, С.Әлходжаев, Г.Ысқақова, Д.Медетовуа, Х.Байниязовуа, Т.Амитов, М.Искаков, Т.Абылаевтар елдің ыстық ықыласына бөленіп жүрді. 1993 жылы жедел жәрдем бөлімінің меңгерушісі М.Жармұхамедов болды. 1991 жылы аудандық ауруханада 6 төсектік жандандыру бөлімі ашылып, оның меңгерушісі бірінші санаттағы дәрігер М.Искаков болды.

1999 жылы облыстық ересектерге арналған туберкулезге қарсы Шалхия шипажайы ашылып, 1999-2010 жж. бас дәрігер І санатты дәрігер-ұйымдастырушы Т.Шегенбаев басқарса, 2010 жылдан бастап бас дәрігер ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі, жоғары санатты дәрігер-фтизиатр Е.Ильясов.

1999 жылы денсаулық сақтау бөлімі құрылып, 1999-2002 жж. бөлім меңгерушісі жоғары санатты дәрігер С.Әлсейіт болды.

1999-2002 жж. аудандық емхана бас дәрігері ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі, жоғары санатты дәрігер-фтизиатр Е.Ильясов, 2002-2005 жж. аралығында емхана бас дәрігері З.Тілепбаева, 2005 жылы емхана бас дәрігері І санатты дәрігер-ұйымдастырушы С.Үсейінов, 2005-2011 жж. емхана бас дәрігері І санатты дәрігер-ұйымдастырушы, жоғары дәрежелі хирург С.Ысқақов, 2011-2014 жж. емхана бас дәрігері дәрігер-педиатр Ж.Абдусаметов болды.

2008 жылы 190 төсектік жаңа аурухана ғимараты пайдалануға берілді.

2012 жылдан бастап мамандандырылған жылжымалы медициналық кешен қызмет көрсетуде.

2014 жылдың маусымынан бастап емхана мен аурухана мекемелері біріктіріліп, «Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Жаңақорған аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК-ны болып қайта құрылып, бас дәрігер қызметін І санатты дәрігер-ұйымдастырушы, жоғары дәрежелі хирург С.Ысқақов атқарып келеді.

2013-2014 жж. «Жол картасы» аясында тәулік бойы қызмет атқаратын 10 төсектік Талап, Бірлік, Қожакент, Келінтөбе ауылдық ауруханалары ашылды.

2016 жылдың мамыр айынан бастап мекеме атауы қайта өзгертіліп, «Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Жаңақорған аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылды. 

Бүгінде ауданда 1 аудандық аурухана, 1 аудандық емхана, 6 ауылдық аурухана, 17 дәрігерлік амбулатория, 8 ФАП, 10 медициналық бекет, 1 аудандық туберкулезге қарсы күрес диспансері, 1 облыстық ересектерге арналған туберкулезге қарсы Шалхия шипажайы, 1 санитарлық эпидемиологиялық қызмет басқармасы халыққа қызмет етуде. 

Аудандық орталық аурухана бас дәрігер Сәулебек Ысқақов

Бас дәрігердің ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Ғалия Төребаева

Бас дәрігердің бастапқы медико-санитарлық ісі жөніндегі орынбасары Жақсылық Абдусаметов

Бас дәрігердің стационарлық қызмет жөніндегі орынбасары Зауреш Тлепбаева

Бас дәрігердің ішкі аудит жөніндегі орынбасары Гүлнар Қамырбаева

Бас дәрігердің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Мелс Жұбаниязов